ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАЛЫНДЫҚТАРДЫҢ ЖАН АЙҚАЙЫ

13:53, 9 маусым 2021

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына кейін қосылған Жалын шағын ауданының тұрғындары электр жарығына еке есе ақша төлеп отыр. Қоғамдық көлік уақытылы жүрмейді. Санитариялық жағдайда ақсап тұр. Осы мәселені алға тартқан тұрғындар арнамызға арызданған еді. Мәселенің мән-жайын тілші зерттеп көрді.

Кенжехан Дүйсенбі – тілші П 9831 тк: 00:02-00:16 Еңбекші ауданы Жалын саяжайының тұрғындары билікке өкпелі. Себебі әкім қаралар қарашаның қалін сұрап келмейді екен.

Бұл көпірден өткен жүргізушілер жанын шүберекке түйіп өтеді екен. Қазірдің өзінде көпір жарамсыз күйге түскен. Дегенмен шағынауданды қаламен жалғайтын жалғыз өткел осы болғасын тұрғындар тәуекелге бел буып жүр.

Әбдіғаппар Бекболатов – қала тұрғыны П 9773 тк 00:46-01:00  Көпір бұзылып жатыр

Тұрғындардың тағы бір мәселесі қоғамдық көлік. Жалындықтардың айтуынша автобус арақашықтығы жарты сағаттан асатын көрінеді. Тиісінше автобусқа адам сыймай көпшілік әбігерге түседі.

Элмира Сақтағанова – қала тұрғыны П 9772 тк 01:11 – 01:37 Халық сыймайды біздегі көліктерге 191 деген жүреді интервалы бір сағат болып кетеді.

КСМ:Мұндағы ең өзекті мәселе Электр энергиясының бағасы. Жұртшылық жарыққа ақшаны екі есе төлейді.Саяжай кезінде халық өз күшімен тартқан желі әбден ескірген. Сондықтан жарық жиі сөнетін көрінеді.

Жүсіп Өтебаев – қала тұрғыны П 9774 тк 00:28-00:48  27 теңгеден алып отырмыз светтің бағасын мемлекеттік баға 14 теңгеден

КСМ:Халықтың мәселесін арқалап Еңбекші ауданының әкімшілігіне бардық. Аудан басшысының орынбасары Александр Малахов барлық мәселе назарда –деп отыр. Жалын шағын ауданында электр жүйесі түгелдей жаңартылып жатыр екен.

Александр Малахов – Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары

Ол елдімекен қалаға қосылғанда саяжай жекеменшік жүйеде тұрған. Жалында  жаңа бағаналар орнатылып жатыр. Сым тарту жұмыстары жүргізілуде. Ол жердегі электр жүйесі  мен трансформаторлар  түгел жаңартылуда. Бұл жұмыстар біткесін жүйе Оңтүстік жарыққа өтіп мәселе шешіледі.

Елді мекендегі ескі көпірді кезінде  Фосфор зауыты соққан екен. Содан бері жөндеу көрмеген өткел жыл басында сыр берген. Аудан билігі мәселені тиісті салаға хабарлаған.

Александр Малахов – Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары

25-ші мамырда транспорт басқармасына көпір бойынша хат жолдағанбыз. Олар 25-ші маусымға дейін мәселені шешеміз деп уәде етті.

Наурыз Сүгірәлиев – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Жалындағы қоғамдық көлік мәселесінде әлдеқашан реттеп қойғанбыз –дейді. Оның айтуынша автобус бағыттары кешенді жоспарға сәйкестендірілген.

Наурыз Сүгірәлиев – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы П 9834 тк 00:07-00:43   Жалын шағынауданына 191 бағыт қызмет етеді. Ол Шымкент қаласының қоғамдық көлік кешенді схемасына сәйкес реттелде.

Билік тұрғын алабы қалаға өткелі инфрақұрылым мен жол мәселесін біртіндеп шешіп жатқанын алға тартты. Тұрмыстық қоқыс аптасына бір рет тазаланады.Ал, балалар ойын алаңының айналасында өріп жүрген иесіз иттер өз алдына бір мәселе.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...