ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАЛЫНҒА ДА САПАЛЫ ЖАРЫҚ ЖЕТТІ

18:32, 19 қаңтар 2021

Шымшаһар шетіндегі шағынаудандардың бірі Жалынға да сапалы жарық жетті. Қыс ауасына қарамастан басталған құрылыстың бүгінде біршамасы аяқталған. Халық шағымына құлақ асып, уәдесінде тұрған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке жұрттың алғыстан басқа айтары жоқ. Ендігі кезекте су мен жол мәселесі шешілмек.

Ескендір ақсақалдың «Жалын» шағынауданына көшіп келгеніне биыл 4 жылға жуықтапты. Осы уақыт аралығында жарықтың жырын жырлап бармаған жерлері, қақпаған есіктері қалмаған. Қордалаған өзекті мәселені шешуге қала әкімінің өзі араласқан соң, жұмыс қыс ауасына қарамастан басталып кеткен. 

Ескендір Ережепов – «Жалын» шағынауданының тұрғыны

«Жаңа столбалар қойылып жатыр көше-көшеге. Біздің көшенің қазылатын жерлерінде өлшеп кетті. Рахмет осыншалықты қызмет қылып жатқандарыңызға. Алланың нұры жаусын сіздерге. Күш-қуат берсін. Өмірлерің ұзақ болсын, дендерің сау болсын!»

Жалындықтар осы уақытқа дейін жекенің жарығын жағып келген. 1 кВт 28 теңгеден төлеп келген тұрғындар бағасы қымбат болғанымен сапасы сын көтермейтін еді, дейді. Енді міне мемлекеттің тарапынан берілетін жарыққа қосылатындарын естігенде төбелері көкке бір елі жетпей қалғандарын жасырмады. Былтырғы жылы басталған жұмыстың бүгінде біршама бөлігі аяқталған. 

Нұрлыарман  Байметов – мердігер мекеме өкілі

«Қыс ауасында жүргізу қиын әрине. Қазіргі таңда қолдан келгенше жұмысты тоқтатпай істеп жатырмыз. Өткен жылы бір ай көлемінде жұмыс жасадық. Қазір 450 бағана қойылып тұр. Бұл объектіде барлық саны 1354 бағана берілген. Осы жылы шілде айында объектіні бітіріп, халыққа ток көзін беруді  жоспарлап отырмыз.»

Жалын бойынша 1290 үйге жарық жүйелері тартылуда. Жаңадан бой түзеп жатқан шағынаудан болған соң, мұндағы жаңақұрылыстағы үйлерде назардан тыс қалмайды, дейді мердігер компания өкілі. Бұйыртса, жыл ортасына дейін  «Жалын» толықтай сапалы жарыққа қосылады деп жоспарлануда.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...