ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ

14:03, 5 наурыз 2021

Биыл - Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Айтулы мерейтойға орай Бәйдібек ауданында еске алу кеші өтті. Аймақта Жамбыл атымен аталатын мектеп және елді мекен бар. Ұстаздарының жетістігі мен оқушылардың білімділігімен танылып келе жатқан білім ордасы ақын атына сай. Бүгінгі іс-шара да сол мектептен бастау алды.

Жамбыл атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін аудан әкімінің міндетін атқарушы Айкен Темір, осы елдің тумасы, депутат Шыныбек Мұнашов, ауылдық округ әкімі Елдос Бөриев және мектеп директоры Гүлмира Нұсқабаева орындады. Мұнан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы Айкен Мәкенұлы мінберге шығып, Жамбыл тойының бұл бастамасы екенін, үлкен той алдағы уақыттың еншісінде тұрғанын айтты. Округ әкімдігі мен мектеп ұжымына алғысын жеткізді. Одан кейін сөз алған ақын атындағы мектептің түлегі, Шыныбек Балқыбекұлы осы мектептен білім алғанына, түлегі ретінде мақтан тұтатынын жеткізіп, мектеп ұжымынан қол үзбей іс-шара өткізіп отыруды тілге тиек етті.

Айкен Темір – Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы

Шыныбек Мұнашов - Жамбыл атындағы мектептің түлегі

Мектеп әкімшілігі дайындаған концерттік бағдарламада шәкірттер Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін орындап, әсем әннен шашу шашты. Жыр алыбының мерекелік іс-шарасынан соң аудан басшылары мектеп ішін аралап, көрмелермен танысты. Ауыл тұрғындарымен жүздесті.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...