ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: МАҚСАТ-БІР, МҮДДЕ-АЙҚЫН

16:59, 11 қаңтар 2022

Еліміздің жаңа Премьер-министрі – Әлихан Смайылов. Мәжілістің жалпы отырысында Президенттің ұсынған кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Алқалы жиында сондай-ақ, Президент Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Ал, Шымкенттің зиялы қауымы мен бірқатар депутаттары мемлекет басшысының бейнебайланыс арқылы өткізген басқосуын тікелей эфирде Әл-Фараби атындағы орталық кітапханада көріп тамашалады. Пікір білдірді.

Сонымен, Әлихан Смайылов еліміздің жаңа Үкімет басшысы. Айта кетейік, ол бұған дейін Премьер-министрдің міндетін атқарды. 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Статистика жөніндегі комитет төрағасы, Президент көмекшісі, Қаржы министрі қызметтерін атқарды. 2019 жылдың 25 ақпанында Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Мұнан соң сөз алған Президент Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру бағытында бірқатар мәселелерді атап өтті. Саяси трансформация бойынша мақсат-міндеттердің жаңа топтамасын ұсынды. Мемлекет басшысы ең әуелі халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Ел мүддесі, бұқара бұйымтайын назарға алатын Халық қорын құру керектігі жөнінде ұсынысын жеткізді.

Жанетта Жазықбаева - ЖИТС-ке шалдыққан балаларды қорғау қоғамдық қорының төрайымы

 «Жау жоқ деме, жар астында». Өздерін ереуілшілер деп санап, соңынан елдің астаң-кестеңін шығарған арам пиғыл экстремистердің бетпердесі шешілді. Қой терісін жамылған қасқырлардың сорақы әрекеті уақыт өткен сайын әртүрлі сипатпен әшкере болып жатыр.  Мемлекеттің іргесін сөгуге ұмтылған содырлар салған ылаң салдары біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Президент Тоқаев енді оларға аяушылық жоқ деді.

Бақтияр Тайжан – «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы

Нұргүл Қобланова – «Асыл әлем» қоғамдық қорының төрайымы

Білім сапасы, адами әлеуетті арттыру мәселесі қашан да өзекті. Жаңа Қазақстанның тұрғындары бәсі артық білімі, танымдық ұстанымы арқылы бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасулары тиіс. Әрі, өзіндік көзқарасы бар, парасаты биік ұрпақ ешқашан өзгенің айтағына ермейді.

Икрамжан Хашимжанов - Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктер «Достық» қауымдастығының төрағасы

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Президент Тоқаев елде жұмыссыздықты жою жөнінде нақты тапсырмалар тапсырмалар берді. Әсіресе, орта арнаулы және Жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар үшін алғашқы жұмыс орындары оларға әлеуметтік жағынан кең қоодаулар білдіруі тиіс. Бұдан былай жастар практикасымен жұмысқа орналасқан жас маманның айлық-жалақысы да көбейетін болады.

Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Халық қарызға белшесінен батып отыр. Қарапайым жұрттың несиесі кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы кредитттерден де асып жығылды. Осылай деген мемлекет басшысы Үкіметке жеке тұлғаның банкроттығы туралы Заң жобасын бекітуді тапсырды. Өйткені әлеуметтік теңсіздік салдарынан халықтың қаржылық қажеттлігін өтемейінше, тұрмыстық ахуал түзелмейді, деді Президент. Сондайа-қ, Қасымжомарт Тоқаев жиында кәсіпкерлікті қолдау шараларына да тың екпін берілетінін айтты.

Елдегі орын алған соңғы оқиғалар Әскери қызметкерлер мен отан алдында әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың бағасын арттырды. Осы ретте Президент жастарды әскерге ынтыландыруды қоғам болып ойластыру керекгітін жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...