ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ФУТБОЛ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

16:44, 22 шілде 2021

Жағымды жаңалық! Жетісайда жаңа футбол клубы ашылды. Игі бастаманы бұл саланың жілігін шағып, майын ішкен жандар бірлесіп қолға алған. Бүгінде нысанның құрылысы толық аяқталып, аудан тұрғындарына пайдалануға берілді. "ARMAN'S ACADEMY" деген атқа ие болған спорттық кешенінде 5 жастан бастап балаларды қабылдайды.

Мұндай спорттық кешені Жетісай ауданында алғаш рет ашылды.Ауыл жастарының бос  уақытын тиімді пайдалану мақсатында  салынған спорт залына тұрғындар қатты қуануда. Айтып өтейік,  «ARMAN'S ACADEMY» футбол Академиясы ақылы түрде жұмыс жасамақ. Дегенмен алдағы уақытта оқу орда басшылары мемлекеттік серіктестік арқылы жұмыс жасап, жеңілдетілген грант жүйесін еңгізуді жоспарлап отыр.

Бекзат Сейітов -  «ARMAN'S ACADEMY» футбол Академиясының Шымкент қаласы филиалының атқарушы директоры

Аталмыш футбол академиясы 5-15 жастан бастап  ұл балаларды  қабылдайды. Оқуға құштар жастар тәжірибелі теңбіл доп шеберлерінен дәріс алады. Осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланған Ернар БЕЙСЕНБАЙ «ARMAN'S ACADEMY" футбол Академиясына келгелі 2 жыл уақыт өткен. Мұндай қысқа мерзім ішінде жаттықтырушылардың қойған талабын мүлтіксіз орындауының арқасында көптеген жетістіктергеде жеткен

Ернар Бейсенбай -  Оқушы

Қазіргі таңда  Жетісай ауданында жасөспірімдердің күрес, бокс спорт түрлерінен жаттығатын спорт кешендері жетерлік.  Алайда,  футбол спортынан алғаш рет ашылып отырған Академия жұмысына аудан  тұрғындары ризашылықтарын білдіріп,  алғыстарын жеткізуде.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...