ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ҮКІМЕТКЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ КӨП

19:39, 12 қаңтар 2022

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін түбегейлі қайта қарастыру қажет. Оның ішінде Құқық қорғау жүйесін реформалауға шұғыл түзетулер енгізіп, Ұлттық ұланның саны мен сапасын күшейту керек. Бұл туралы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отырысында мәлімдеген еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы осы отырыста жаңадан жасақталған үкіметтің алдына жаңадан тоғыз міндет жүктеді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты жою туралы да тапсырмалар бар.

Саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков Президент пәрмен берген мәселелердің шын мәнінде маңызды екенін алға тартып отыр. Әсіресе Қазақстан жұртшылығын толғандырған жұмыссыздық мәселесі туралы айтқаны жақсы болды дейді ол. Ендігі жерде жұмыссыздықтың алдын алу және оны азайту ұлттық деңгейде шешілетін болады. Бұл әсіресе халық көп шоғырланған аймақтардағы әлеуметтік мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік бермек деп есептейді.

Сәкен Мәжінбеков - саясаттанушы

Перзиденттің өзі де тамаша айтты. Бұл өңірлердің мәселесі емес бұдан кейінгі кезде ұлттық мәселе ретінде қарастырылады деді. Яғни адам көп шоғырланған Оңтүстік аймағында жұмыс орындарының ашылуы жұмыссыздарға мүмкіндіктің берілуі. Оған ұлттық деңгейде қолдау көрсетілетіні айтылды.

Ал, талай жыл құқыққорғау саласында еңбек еткен Әлімхан Әбжанов Мелелкет басшысының қауіпсіздік саласына көңіл бөлгені құптарлық деп санайды. Өйткені айбарлы әскер елдің айбыны. Ал, өзге міндеттер елдің дамуын жеделдетеді. Сондықтан, оның жүзеге асуына қоғам болып қолдау көрсету қажет. Сондаға ғана межелі міндет тез орындалады.     

Әлімхан Әбжанов -"Ақжол" демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы

Мен осы барлық Қазақстан халқын шақырамын. Ұлтымызға, руымызға, партиямызға қарамай өзіміздің көшбасшымыз Президентіміздің қасынан табылып, еліміздің еңсесін тіктеуге, мынау қаралы күндердің ертерек есімізден шығуына еңбек етуіміз керек деп ойлаймын.

 Бізге керегі – тек ақиқат қана. Сол себепті оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған барлық жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл ­– бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі –деді, Президент. Сондықтан алдағы уақытта елдің әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге қауіпсіздікті де қаперден шығармау керектігіне тоқталды. 

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...