ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАНАР ЖАҒАРМАЙ НАРЫҒЫ АШЫҚ БОЛУЫ ТИІС

12:22, 13 қаңтар 2022

Елімізде жанар-жағармай нарығында шикілік көп. Өнімдерді өндіру мен таратуда ашық бәсекелестік жоқ. Осылай деп сын айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бағаны қолдан өсіретін осындай жағдайларды реттеуді тапсырды. Бұл орайда жергілікті қауымдастық өкілдерінің қандай ұсыныстары бар? Шымкенттегі жанар-жағармай бекеттеріндегі жағдай қалай?

Мақпал Рысбаева, тілші:

Қаладағы жанар-жағармай бекеттерінде қазір кезек байқалмайды.  Сұйытылған газ бағасының арзандауы әсіресе такси жүргізушілеріне қолайлы болып қалды. Темір тұлпар тізгініндегілер шығынымыз қазір екі есеге дейін азайды деп қуанып отыр. Енді қызметімізді де арзандатамыз дейді олар.

Жылдан-жылға бағасы бет қаратпай кеткен жанар-жағармай бағасы жарты жыл бойы қолдан реттеледі. Мемлекет басшысы жанар-жағармай өнімдерін саудалаудағы берекесіздіктің түп-тамыры өнімдердің бәсеке талаптарына сай бөлінбеуінен деді. Жергілікті қауымдастық төрағасы Қайыпбек Қамбаров  бұл ретте кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеру қажет дейді. Себебі, нарыққа тікелей қатысы бар тұлғалар ғана жүйедегі кемшіліктерді, оны қалай түзетуді жақсы біледі. Көп жағдайда әділетсіздікке тап болатын  мұнай өнімдерін саудалайтын шағын және орта бизнес өкілдерін қолдайтын кез келді дейді ол.

Қайыпбек Қамбаров Түркістан облысы,  Шымкент қаласы жанар жағармай қауымдастығының төрағасы:

Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кеткенін айтты. Бұл ретте мемлекет басшысы Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

 

М.Рысбаева

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...