ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ

15:04, 29 шілде 2020

Қазығұрт та негізінен – агралы ауданға жатады. Сондықтан осы салаға басымдық көп берілген. Ол нәтижесіз де емес. Мәселен, ауданда биылғы жарты жылдықтың өзінде ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 15 миллиард теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102 пайызды құраған. Аудан шаруаларының мұндай үздік көрсеткіштерге жетуіне бірден бір себеп, заманауи агротехникалық тәсілдерді қолдана білулерінде болса керек.

Ия, Қазығұрт ауданы  ауыл шаруашылығы саласында жыл сайын үздік нәтижелерге жетіп келеді.  Мұның бәрі атқарушы  биліктің қолдауымен  және шаруалардың заманауи агротехникалық  құралдарды пайдаланып, тың тәсілдеріді игерулерінің арқасында  болып жатқан  жетістіктер. Мәселен, аудандағы «Қараша агро» шаруашылығы 24 миллион теңгеге 3 бірлік италиялық жаңбырлатып суғару техникасын алып, пайдалануда. Соның арқасында шаруалар бір алқаптан  4 өнімге дейін мал азығын жинауды жоспарлап отыр.

Төлеген Телғараев Қазығұрт ауданының әкімі

Ал «Сапа- 2002» ЖШС инновациялық жаңа технологияларға бетбұрыс жасап, 4 жылдан бері нольдік техниканы қолданып астық егуде. Түсінікті тілмен айтқанда бұл – егістік алқапты жыртпай,  дәнді тікелей егу деген сөз.   Шаруалар осы мақсатта  бразилиялық тікелей дән сепкіш құралын сатып алған.  

Нұржан Аширов «Сапа -2002» ЖШС директоры

Астық егудегі бұл тәжірибе ауданда кеңінен қолау тауып, бүгінде көптеген шаруа қожалықтары осы тәсілге көшуде. Өйткені,  оның жан – жақты тиімділігі шаруаларды қатты қызықтыруда.  Жалпы,  Қазығұт ауданында жаңашылдыққа ұмтылғандар қатары бүгінде күрт артуда.

Нұрбай Қалдыкөзов аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы

Тағы бір айта кетерлігі – аудандағы шаруалардан  қарапайым тұрғындар да қалыспай, үйіргелік жерлеріне   тамшылатып суғарудың заманауи құрылғыларын орнатуда.  Өз кезегінде бұл әдістер де мол өнім алуға үлкен мүмкіндіктер туғызуда. 

М. Атабек   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...