ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАНУАРҒА ДА ЖЫЛУ КЕРЕК

14:22, 19 қаңтар 2021

Соңғы кезде әлеуметтік желіден, жануарларға көрсетіліп жатқан қорлықтан көз сүрінеді. Бірі адамның досы саналатын иттерге қысым көрсетсе, енді бірі мысықтарды қырғидай қыруларын тоқтатар емес. Адам баласы төрт аяқтыларға мұншалықты өшігуіне не себеп? Үй жануарларын қалай қорғаймыз.

Қазіргі таңда жабайы жануарларды былай қойғанда, үй жануарларының өзін қорлайтындар көп.  Итті адам баласы жеті қазынаның бірі санайды. Алайда, бүгінгі таңда иттен асқан ата жау жоқ секілді. Оған дәлел ғаламторды жарып жүрген мына видеоны айтуға болады.   /ютуб/

Иә, расыменде бұл біздің елімізде  болған оқиға. Қоғамның қатігезденіп бара жатқаны соншалылық, ит, мысықтарды зәбірлеп қана қоймай, оны ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге салады. Бұл  жасаған әрекетін үлгі ретінде, өзгелерге де үгіттеп жатқандай көрінеді. Мамандардың айтуынша, қандай жануар болмасын оларға қамқорлық керек.  

Бақыт Мұсалиев – Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімнің басшысы

Бәріне бірдей топырақ шашпайық, қаламызда жануарларға қамқорлық көрсететін  жандар да  аз емес. Мәселен,  Шымкенттік тұрғын Мақпал Балтаева демалыс күндері отбасымен бірге зообаққа келуді әдетке айналдырған. Оның айтуынша, жануарда бала сияқты, оларға  жылулық, қамқорлық  керек, дейді.

Мақпал Балтаева  –қала тұрғыны

Жалпы біз осында жиі келіп тұрамыз, хайуанаттарды бақылағанды өте қатты жақсы көреміз. Отбасымызбен келеміз. Балаларды да ерте келеміз. Көрсін, жануарларды танысын деп. Соңғы кездері мына әлеуметтік желіде жиі көріп жатырмыз. Жануарларды қинап жатады, кішкентай балаларды жауыздығын көріп жатамыз. Оның барлығы дұрыс емес. Жалпы адам адам болып қалу керек.

Үй жануарларын қорлағандарға әзірге қатаң жаза жоқ. Тек айыппұлмен шектеледі. Немес әлеуметтік желідегі кереғар әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрап қана  құтылады. Сондықтан алда үй жануарларын қорлағандарға жаза қатаңдатылуы керек,  дейді  жануарлардың жанашырлары. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...