ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІК КЕЗІНДЕ 100-ДЕН АСА АЗАМАТ ЖАРАҚАТ АЛҒАН

13:51, 9 қаңтар 2022

Шымкентегі медициналық мекемелер мен қан орталығы бірнеше тәуліктен бері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өйткені қаңтардың 4 мен 5 күні болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 100-ден астам азамат жарақат алған. Олардың жартысынан астамы әскерилер мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері.

Самандар Бақтиярұлы  тәртіпсіздіктің алғашқы күнінде ауыр жараланды.  Орталық алаңды күзетіп тұрған кезінде оң жақ иығына оқ тиіп,  қолы сынған. Сондай-ақ жамбасынан да ауыр соққы алады.  Жедел медициналық көмек көрсетіліп, оған операция жасалды. Қазір жағдайы жақсарып келеді. 21 жастағы бозбаланың әскери қызметке алынғанына әлі жыл да толмаған. Ол  Шымкенттегі  6506 әскери бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет етеді.  

Самандар Бақтиярұлы  «Ұлттық ұланның»  бөлімше командирі

         әскери бөлімнен тревога бойынша барғанбыз. Сол жерде қызмет атқару барысында болды. Сағат 2-ден аса трамватикалық оқ тиген соң осында жеткізді. Күн тұман болатын.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 100-ден астам азамат жарақат алған. Оның 48-і ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы 18 бен 30 жас аралығындағы жастар. Одан бөлек 45 полиция қызметкері де медициналық көмекке жүгінген. Жалпы қазір ауруханалардың жансақтау бөлімінде  7 науқас ем алуда.  

Бақытжан Позилов -  Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

         Көбінесе зақым түрлері оқпен жарақат, пышақпен сұғылған жарақат және ұрылған соғылған жарақаттар.

Қақтығысытар кезінде медицциалық қызметкерлердің өзі де соққыға жығылды. 7 жедел жәрдем көлігіне шабуыл жасалып, екі дәрігер жарақат алған.  Олар бүгінде сауығып, үйлеріне жіберілді. Жарақаты асқынып кетпесе  ұлттық ұлан сарбазы Самандар Бақтиярұлы да енді бір аптадан соң жазылып шықпақ.

 

Н.Әбдірашит                                                           

        

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...