
Шымкентте лаңкестік және жаппай тәртіпсіздік әрекеттерін жасады деген күдікпен 400-ден астам азамат ұсталды. Олардың 155-не қатысты әкімшілік, 50-не қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орындардың сараптауы бойынша жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылардың жартысынан көбі мегаполиске республикамыздың өзге аймақтарынан әдейі жиналғаны белгілі болып отыр. Олар тек қоғамдық мүлікті қиратуды мақсат еткен. Және тонаумен айналысқан. Бейбіт шеруден басталып, соңы бұзақылыққа жалғасқан қақтығыстарда 17 тәртіп сақшысы жарақат алған. Одан бөлек полицияның 57 қызметтік көлігі толығымен жанып кетті. Мәдени нысандар мен бизнеске келген шығын әлі де нақтылануда. Қала әкімі шаһар аумағына оранатылған бейнекамерлар бұзақыларды тез анықтап, оларды ұстауға мүмкіндік бергенін айтады. Қазір шаһарда аймақ басшысының басқаруындағы жедел штаб күшейтілген тәртіппен жұмысын жалғастырып жатыр. Антитерорлық іс шаралар әлі де жалғасып жатыр.
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Басқа қалаларға қарағанда Шымкент тәртіпті тез орнатты. Ббүгінгі күнге дейін сырттан қосымша күш келген жоқ. Өз күшімізбен бір күннің ішінде қаланы қолға алдық. Қазір алаңдайтын ештеңе жоқ. Тек провакаторларға еріп, жағдайға ұшырамауға шақарамын!
Ғани Қалмаханов