ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАРАМАЗАН АЙТҚАН БАЛАЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ

14:10, 28 сәуір 2021

Шымкентте жасөспірімдер жол жағалап жарамазан айтуды әдетке айналдырып алған. Тіпті кейбірі тиын үшін жүйткіген көліктің өз өміріне қауіп төндіретінін қаперіне де ілмейді. Жеткіншектерді тәртіпке шақырып, қауіпсіздікті қамту үшін полицейлер кезекті рейдке шықты. Бейуақта көше кезген балалардың ата-аналарына ескерту жасалып, айыппұл салынды.

Бұл жеткіншектер қас қарая көше бойлай топтасып жарамазан айтауды әдетке айналдырған. Жүйткіп келе жатқан көліктерді тоқтатқан балалар қауіпсіздікті қаперіне де ілмейді. Рейдке шыққан полицейлерді көзі шалғандары бой тасалап үлгереді.  Қаша алмағандары тәртіп сақшыларының қолына түседі.

Күн сайын тексеру жұмыстарына шығатын полиция өкілдері жасөспірімдерді бекеттерге жеткізіп түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ата-аналарын шақыртып, ескерту жасайды, елемегендері 10 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылады.

КАМИЛА БОТАБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ 01:10-01:43 жыл басынан бері 1400-ге жуық жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды ҚР ӘҚБ 127 бабына сай хаттама толтырылды...

Тәртіп сақшылары жеткіншектер көліктердің жүруіне кедергі жасап, жол қозғалысына да тосұқауыл болуда, дейді. Тіпті бейберкет жүрістер жол апатына да себеп болуда екен. Полицейлер ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне ден қойып, түнгі мезгілде жалғыз жүрмеуін қадағалауға шақырады.

 

М.Рысбаева

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...