ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫРЫ ШЕШІЛДІ

18:38, 20 қаңтар 2021

Тассайда талайдан бері жыр болған жарық мәселесі шешілді. Елдімекенге электр желілерін тарту жұмыстары мерзімінде аяқталғанымен, ондағы абоненттеу жұмыстары кешеуілдеп тұрғындардың тағатын тауысты. Бұл мәселе бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жұмыстың тез арада тыңғылықты орындалуын талап еткен болатын.

Бұл жер «Тассай» тұрғын үй алабының жаңа құрылыс аумағы. Біртіндеп инфрақұрылым жүйелері жақсарып келе жатқан елдімекенге, осыдан екі жыл бұрын мемлекет тарапынан электр желілері тартыла бастады. Мерзімінде аяқталған құрылысқа қуанған тұрғындар, абоненттеуге келгенде қуанышымыз су сепкендей басылды, дейді.    

Бота Иманова – «Тассай» тұрғын үй алабының тұрғыны

 «Светіміз 120 Вт-пен отырдық. Қазір білесіздер жылу котелдарының барлығы светпен жұмыс істейді. Ол 120 Вт котел тартпайды мүлдем. Үтік дегенді ұмыттық. Түнгі сағат 3-4 сәл-сәл нормально болғанда кір жуамыз. Киімімізді үтіктемейміз, холодильник қоспаймыз. Қазір қыс ауасы тамақтарымызды далаға шығарып жүрміз. Сол жағынан қатты қиналып кеттік. ЖКХ, Әкімшілікке, Оңтүстік жарықтағы кісілерге рахметімізді айтамыз. Менің үйімнен бастап жатыр Бүгін құдай қаласа жарықпен отырамыз деген үміттеміз. »

Жарықтың азабын тартқан тассайлықтар әсіресе, қыс ауасында тұрмыстық техникаларын қолдана алмай қалғандарын айтады. Бағасы қымбат болғанымен, сапасына келгенде сын көтермейтін жекенің жарығы, үп еткен желге жылп етіп өшіп, жылыту маусымында халықты үрей құшағында қалдырып келген.

Талдыбек Мәдібеков – «Тассай» тұрғын үй алабының биі

«Осы уақытқа дейін түсінесіздерғой бұл жерде жекеменшік болғаннан кейін свет өше берді. Ақшасын халық 27-28 теңгеден төлей бастады. Кейбір кезде халық көтеріліп кетті. Сол светті өкіметке өткізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда қосылып жатыр. Подряд үйді-үйге қосып беріп жатыр. Қала әкімі М. Әйтеновке рахметімізді айтамыз.»

Тұрғындардың пайдаланған электр энергиясына төлем жүргізу үшін тиісті құжаттары қолдарында болмауына байланысты, мұндағы қосу жұмыстары кешеуілдеген. Бірдің кесірі мыңға тимес үшін қажетті қағаздарды халық дер кезінде тапсырса, дейді жарық таратушы мекеме мамандары.

Боранбай Болатбеков – Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы

« Оңтүстік жарық пломбасын қояды, үйіне шам береді. Ендігі көтерілген мәселе Оңтүстік жарық мекемесінің мамандары айтады үйге қойылған есептеуіш құралдарын сыртқа шығару керек дейді. Біз үйде қалдыратындарын үйде, сыртқа шығаратындарын сыртқа шығарып беріп жатырмыз.»

 «Тассай» тұрғын үй алабының жаңа құрылыс аумағы бойынша 2316 үйге мемлекеттік электр сымдары тартылған. Ал, жобалау барысында сметаға енбей қалған абономенттерге мердігер компания өз тарапынан жарық жүйелерін тартып беріпті. Бір-екі айға жалғасатын абономенттеу жұмыстарына тұрғындар түсіністікпен қараса,дейді басқармадағылар.   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...