ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ЖУРНАЛИСТЕР

17:32, 21 маусым 2021

Шымкентте байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі басталып кетті. Миилионды мекеннің сөз ұстағандары алғашқы күні аяқ доптан жарысқа шығып, спартакиаданың екінші күнінде арқан тартып, валейбол ойнады. Сала мамандары спорттың алты түрінен бақ сынамақ.

Жарыс болған жерде шын жүйріктердің шашасына шаң жұқтырмайтыны белгілі. Бұл  додада да дүлдүлдер дараланып шықты. Әсіресе, арқан тарту мен валейбол аламаны тартысқа толы болды. Топтық кезеңде тосылмай, ақтық айқасқа шыққан «Оңтүстік» командасы өзгелерден оқ бойы оза шапты.

арқан тартысып жатыр

Спикер: Балтабек Түйетаев – «Еркін ой»  газетінің бас редакторы

Батыл жүректі жігіттер мен қыздардан құралған командалар арқан тартудан ойын көркін қыздырды. Арнамыздың Мақсұт Айтжанов бастаған білектілері тірескеннің тізесін жерге тигізіп тағы да бас жүлдені жеңіп алды.

Мақсұт Айтжанов -  команда жетекшісі

Арқан тарту жарысына бас аяғы алты команда қатысты. Нәтижесінде жүлделі 1-орын «Оңтүстік» телеарнасы, 2-орын «Ернұр Пресс» корпорациясы, 3-орын «Рейтинг-собкор» командасы ие болды.

Спартакиада волейбол бәсекесiмен жалғасты. Жарысқа қатысуға бұл жолы 6 команда ниет бiлдiрген. Алғашқы бәсекеде телеарна тобы «Шымкент келбеті» газетінің ойыншыларына есе жіберіп алған болатын. Намысқа тырысқан тілшілер келесі айналымда  «Рейтинг собкор» жігеттерін ойсырата жеңді. Соның есебінен ақтық сында «Ернұр Пресс» ойыншыларымен сынға шығып, қарсыластарды  25-21 есебімен тізе бүктірді.

Бекен Қоныс, Қала әкімінің баспасөз хатшысы

«Оңтүстік» қоржынында тағы да жүлде.  Ойын алаңында айрықша ойын өрнегін көрсеткен ұжым бірінші орынды қанжығаға байлады. «Ернұр пресстің» ойыншылары да осал емес екен. Екінші орынның тұғырынан көрінді. Ал, «Ақпараттық коммуникация орталығының АКО командасы үшінші орынды місе тұтты.  Алда әлі шахмат, үстел теннисі, бильярд және боулингтен бәсеке бар.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...