ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

13:39, 24 мамыр 2022

Қайтарымсыз грант алып кәсібін бастаған түлкібастықтардың қатары күн санап көбейіп келеді. Биылдың өзінде 11 азамат мемлекеттен қолдау тауып жұмыс бастаса, жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 173 адам қамтылады деп көзделіп отыр екен. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Түлкібас ауданы бойынша өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 150-ге жуық жұмыссыз азамат қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін бастаған. Олардың арасында 57 грант асыл тұқымды мал өсіруге бағытталса, қалғаны құлпынай, құс шаруашылығына, тігін және тоқыма, кондитер өнімдерін пісіруге, ағаш бұйымдарын жасауға жұмсалған. Солардың бірі,  Гүлнұр Басымбек алған ақшасына 2 тігін машинасын сатып алып кәсібін дөңгелетіп отырған жайы бар.

24 жастағы жас кәсіпкердің ендігі мақсаты, тігін машинасының санын көбейтіп,  тапсырысты  арттыру. Бұл ретте 10 адамға дейін жұмыспен қамтылады деген үміт бар. Өткен жылы өз қызығушылығын кәсіпке айналдырғандардың бірі Альбина Әлмұратова. Кондитер өнімдерін пісірумен айналысатын жас кәсіпкер мемлекеттен алған қайтарымсыз грантына тәтті нандарды салатын тоңазытқыш, сапалы араластырғыш пен пеш және өзгеде арнайы құрал жабдықтар сатып алыпты.

Альбинаның ендігі мақсаты дүкен ашу екен. Кәсібімді кеңейтсем көмекші қыздарды жұмысқа аламын, дейді ол. Жас кәсіпкерлерге бағыт бағдар беруде Түлкібас аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жүйелі жұмыстарын бір сәтке тоқтатқан емес. Бұл ретте бақылау шаралары да қатар жүргізіліп отыратын көрінеді. Қайтарымсыз грант алып кәсібін бастаған биылғы жылдың басынан бері ауданда  11 азамат тіркеліпті. Жыл соңына дейін олардың қатары 173 артады деп жоспарлануда. 2021 жылы мемлекеттің қолдауына ие болып кәсібін дөңгелеткен 150 азамат болса, 2020 жылы 613 адам, ал, 2019 жылы 543 түлкібастық кәсіп бастауға қаржы алған. Пандемия кезінде оларға бақылаудың бейнебайланыс түрі қолданылған.  

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...