ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

13:40, 6 мамыр 2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жариялаған «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтарды жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу болып табылады. Игі жоба Түркістан облысында қарқынды жүзеге асуда.

Түркістан қаласындағы «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі»  таңдалған 100 мамандықтың тізіміндегі  «Авто (мото) Слесарлары және Жөндеушілері» мамандығы бойынша шәкірт тәрбиелейді. Білім ордасы  «Жас маман» жобасына қатысушы Республикадағы 180 колледж және 20 жоғары оқу орыдарының  тізіміне енді.   2021 жылы  колледжді заманауй  құрал-жабдықтар мен техникалармен жарақтандыру және қаржыландыру жұмыстары басталды.

Мұрат Досаев - Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі директорының орынбасары

Мамандар даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік   серіктестермен бірлесіп оқу бағдарламаларын жаңартуда академиялық еркіндік әдістерін қолдану,  педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары ұйымдастырылады. «Жас маман» жобасы оқу өндірістік базасын жаңартып қана қоймай, құзіреттілік орталық құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда колледждегі«автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтарын оқуға жастар көптеп қызығуда.  Қазірдің өзінде болашақ маман иелері  жалпыстуденттер контингентінің 35 пайызын құрайды.

Бауыржан Әбдіуақит – Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжіЖоба аясында WorldSkills ұлттық және халықаралық чемпионаттарына қатысушыларды бір орталықтан даярлауды жүзеге асыруға болады. Құзыреттілік орталықтар үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибеге, соның ішінде WorldSkills стандарттарына сай еңбек нарығына  дайын кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжі – армандарға қанат бітіретін кұтты білім ордасы. Талантты, дарынды жастардың басын біріктіріп отырған мекен. Колледж ұжымы жасөспірімдерді тәрбиелеуде, олардың жан-жақты қабілетін ашып көрсету үшін аянбай еңбек етуге әрқашан дайын. 

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...