ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

18:30, 1 маусым 2021

Қаладағы орталық саябақта «Шымқала –бақыт мекені» атты жас суретшілер сайысы өтті. Шара шаһардың 2200 жылдығына әрі балалар күні қарсаңында ұйымдастырылды. Байқауға бірнеше балдырған қатысып, мегаполистегі көрікті, мәдени орындарын қағаз бетіне бейнеледі.

Шара барысында қала қонақтары мен тұрғындарына кішкентай өнерпаздар ән–жырдан шашу шашты. Ал, сайысқа қатысушылар әсем табиғат пен көрікті қала кештерін туынды арқауы еткен.  Дәстүрлі шара биыл шаһардың мерейтойымен ерекшеленді. Балаларды эстетикалық өнерге баулитын байқаулар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді ұйымдастырушылар.

 Жанар Сауғамбаева - Шымкент қаласы жасөспірімдер кітапханасының директоры

Каусар Әбдіханқызы биыл  3 сыныпты аяқтады. Жазғы демалыстағы уақытын да текке жібермей, сурет, би үйірмелеріне қатысуда. Оқуда озат оқушы сайыста табиғатты тамаша бейнелеп, көзтартар туындыны жарыққа шығарды.

Кәусар Әбдіханқызы- сайыс қатысушысы

Сайысқа қатысушы барлық бүлдіршінге ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Үздік үштік анықталып, құрмет тұғырынан көрінді.

 

Д.Өмірзақова                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...