ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«ЖАСТАР – ОТАНҒА!» БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

17:47, 8 маусым 2021

Түркістан облысында «Жастар – Отанға!» бағдарламасы сапалы әрі уақтылы жүзеге асуы тиіс. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мәжілісінінде осылай деген Түркістан облысының әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға басымдық берілгенін атап өтті.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленгені белгілі. Бағдарламаның басты мақсаты жастарды елді дамыту жолындағы жұмыстарға біріктіруге және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Оны тиімді іске асыруда 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленген. Партия мен «Jas Otan» жастар қанаты жастарға берілген сайлауалды уәделерді орындауға кірісіп кетті.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Қазіргі таңда Түркістан облысындағы жастар саны – 505 мың. Ол дегеніміз облыс халқының 26,95%-ын құрайды.  Өңірде «Jas Otan» жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 17 филиал жұмыс істейді.«Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша Түркістан облысы жастарына арналған 17 жол картасының жобасы әзірленген.   

Дамир Жүнісов - Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы   «Жастар – Отанға!» бағдарламасына 416 индикатор мен 675 іс-шара жоспары енгізілді. Облыс бойынша  28 индикатор мен  38 іс-шара жоспары әзірленді. Жол картасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру,  өзін-өзі басқаруды дамыту, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жұмыссыздық деңгейін төментету, «Жасыл ел» жобасы арқылы 6400 жасты жұмысқа тарту, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасын арқылы 1048 жасты жұмысқа орналастыру және өзге де жоспарлар енгізілген.

Жиынды түйіндеген облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жастарға қатысты«Жастар – Отанға!» бағдарламасының  жол картасының сапалы жүзеге асыруда тапсырмалар берді. «Nur Otan» партиясы жастарға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жетекші партия  қолдауымен әр саладағы талантты, қабілетті мамандар үшін саяси баспалдақ қалыптасты. Оған дәлел — жыл басында өткен сайлау кезінде саяси сахнаға көшбасшы әрі дарынды жастардың келуі.

 

Г.Асқарқызы     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...