ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ПРЕЗИДЕНТ ЧЕЛЕНЖІН ЖАЛҒАСТЫРДЫ

17:06, 23 ақпан 2021

Шымкентте жастар арасында көркем сөз шеберлігі байқауы өтті. Аталған байқау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде бастау алған «Қандай кітап оқып жатырсыз? челлендж эстафетасы қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа 16-37 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Олар сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты.

Байқаудың мақсаты әлем және қазақ қаламгерлерінің әдебиеті шығармашылық мұрасын насихаттау. Және жастардың рухани байлығын дамыту мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.  Жалпы, байқаудың іріктеу кезеңіне 35 үміткер өтініш білдіріп, оның 13-і өтті. Бүгінде олар сахнаға шығып, қалың көрерменге өнерлерін көрсетті.

Нұрила Жұманова – Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік ортылғының директоры

Сайыс барысында қатысушылар үш тапсырма бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде, драмалық шығармадан үзінді, екіншісінде проза оқыды. Ал, шешуші кезеңде поэзия оқып,  өнерлерін паш етті. Сондай-ақ қатысушыларға қатаң талап, «Президент ұсынған 30 кітап»  нұсқасымен толық таныс болуы тиіс.

Нұрлан Мақсұтұлы - Қатысушы

Байқау соңында төрешілер қатысушыларды дауыс мәнері мен тіл тазалығына және көркем мәтінді оқу шеберлігіне назар аударып әділ бағалады. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен жеңімпаздарды диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жалпы, бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Ал, биыл карантин талаптырана байланысты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
18:54, 2 наурыз 2021
ТУРИСТЕРДІ ТАҢ ҚАЛДЫРАТЫН НЫСАНДАР САЛЫНУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...