
Шымкентте жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылданады. Құжаттарды тіркеу қаңтардың 25-27 аралығында жүргізіледі.
29 жасқа толмаған қала жастары «Shymkent-baspana.kz» порталы арқылы электронды түрде өтінім бере алады. Шартқа сәйкес соңғы екі жылда қалада тіркеуде болуы міндетті. Ел аумағында тұрғын үйге соңғы екі жылда меншік құқығы тіркелмеген болуы керек. Ай сайынғы табысы көрсетілген мөлшерге сәкес кеуі қажет.Сонымен қатар тбаспаналар сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға беріледі. Пәтерлер саны – 300 дана. Басқа да сұрақтардың жауабын shymkent-baspana.kz порталы арқылы біле аласыздар.