ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ӘКІМ БАСТАМАСЫМЕН

12:00, 23 ақпан 2021

Көктемнің алғашқы айы жақындап, жер қарайып, Бәйдібекте көктемгі дала жұмыстары басталып кетті. Аймақты көркейту-көгалдандыру, арық-атыздарды тазалау мен көше ағаштарын ретке келтіру сияқты сенбіліктер апта сайын ұйымдастырылуда. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков өзі бастап орталықтағы Жастар саябағы мен Шаянға кіре беріс жолдың екі шетіне, Орталық саябаққа тал екті.

Сенбілікке аудан әкімі мен орынбасарлары, мекеме, ұжым және білім ордаларының мамандары сонымен қатар ардагерлер мен әйелдер кеңесі де қатысты.Тал егіп, көшет отырғызу жұмыстарынан соң жалпы аудан орталығын көркейту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстардың жоспары таныстырылды.

Ержігіт Шәріпбеков – Бәйдібек ауданының әкімі

Бұл күні ардагерлерден ұсыныстар түсті. Жастар саябағы мен Орталық саябақты көркейтіп, серуендейтін жағдай жасалса. Дала теледидарларын қойып, бір мезгіл жақсы мағыналы фильмдер көрсетілсе дейді. Аталған ұсыныс-пікірлерді аудан әкімі мақұлдап, алдағы уақытта осы мәселелердің аясында жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

Талғат Шынқожаев - "Жасыл саябақтар" мекемесінің директоры

Жалпы, бүгінгі күнге дейін тұя, шырша, бақа терек және қара ағаш барлығы 800-ге жуық тал отырғызылды. Осы жұмыстар жалғасын тауып, биылғы көктемде 1800-ге жуық көшет егу жоспарлануда. Саябақтарды толықтай гүлдендіру жұмыстары да кезек күтіп тұр.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ
18:27, 5 наурыз 2021
ШЫМКЕНТКЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБ...
Толығырақ...
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНА МЕН АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
18:19, 5 наурыз 2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНҰЯНЫҢ ТУЫСТАРЫНА БАРЫП КӨҢІЛ АЙТТЫ
23:54, 27 ақпан 2021
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНҰЯНЫҢ ТУЫСТАРЫНА БАРЫП КӨҢІЛ...
Толығырақ...