ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

12:41, 23 қараша 2021

Жетісайда жаза басқандарды жұмысқа орналастыру жүйелі жүргізілулде. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында түзету мекемелерінен босатылған және шартты мерзімге сотталған азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған пробациялық қызмет есебінде тұратын азаматтар қатысып, өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, консультациялық кеңесші орган төрағасының орынбасары Әділхан Әбжановтың тапсырмасына сәйкес жоспарлы түрде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Дильшат Назаров бастаған бөлім инспекторлары, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен пробациялық қызметі есебінде тұратын азаматтар қатысты. Сонымен қатар, аудандағы түзету мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамдық ортаға қайта бейімдеу мақсатында бос жұмыс орындарына жұмысқа шақыру жәрменкелерін сапалы, нәтижелі ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын ұйымдастырылды.

Дильшат Назаров -  Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры

Жетісай аудандық пробация үйінде пробациялық қызмет инспекторларымен түзету мекемелерінен босатылған азаматтары қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға, қалыпты өмірге қалыптасуларына ықпал жасап, әлеуметтік қолдау жасау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.«Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмыспен қамту, олардың бос уақытын тиімді пайдалану және қайта қылмыс жасаудың алдын алу болып табылпды. Жыл басынан бері мұндай жәрмеңкелірді тұрақты түрде өткізіп келеміз.

Дильшат Назаров - Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры

Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісай ауданы әкімінің квотасымен 28 сотталушы, ал, аудандық пробациялық қызмет бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің біргелікте жұмыс жүргізулерінің нәтижесінде тағы 66 сотталушы уақытша және тұрақты жұмысқа орналасқан. 15 азамат қайта даярлау курстарына жіберілген.

 

Н.Әбдірашит                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...