ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА

13:36, 6 мамыр 2021

Шымкентте сотталғандарды жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде. Қаладағы ИЧ-167/3 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер сауаттылығын арттырып, жаңа кәсіп түрін меңгеріп жатыр. Айта кетейік, қазіргі таңда түрмеде 5 түрлі кәсіп қолға алынған. Олар: наубайхана, дәнекерлеу,тігін, жиһаз жасау және арнайы құстарды көбейту ісі.

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар қосымша кәсіп түрін меңгеріп жатыр. Ол үшін кәсіпкерлер мен мекеме басшылығы арасында келісім түзілген.Арнайы бағдарлама негізінде сотталушыларға өндіріс орындары ашылып, екі қолға бір күрек табылуда.  Қазіргі таңда 221-ден астам  жазасын өтеуші жаңа кәсіп иесі атанып отыр.

Нұрсері  Батырбеков –Шымкенттегі ИЧ-167/3 түзету мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы

Кәсіп түрін меңгеріп, нәпақасын үйіне жіберіп отырғандардың бірі Рамазан Ташиев. Оның мекемеге түскеніне 5 айдың жүзі болады.  Аз ғана уақыттың ішінде ол құс өсіру ісін меңгерді. Ендігі мақсаты қоян шаруашылығын дамыту.

Рамазан  Ташиев – жазасын өтеуші

Бұдан бөлек мекемеде  басқа да кәсіп түрлері бар. Мәселен, жиһаз құрастыратын мына цехта 37 сотталушы жұмыс істейді.  Небәрі үш айдың ішінде  жазасын өтеушілер  800 ге жуық орындықты жасап шығарды.  Тапсырыс берген кәсіпкер сапалы өнім жасау үшін қажетті дүниелерді уақытылы жеткізіп отыратын көрінеді.   

Жұмажан Мырзабеков  - кәсіпкер

Сотталғандар  8  сағаттық жұмыс режимде еңбек етеді.  Әрі тапқан таянғандарын отбасына жіберсе бір бөлігімен мемлекет алдындағы берешегін өтейді. Мекемеде  6 түрлі кәсіп бойынша  оқытылады.Жазасын өтеушілер бостандыққа шыққаннан кейін темір торда жинаған тәжірибесін өмірлік азығына айналдыруға мүмкіндігі бар.

 

А.Аманхан  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...