ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА НИЕТТІЛЕРДІҢ ҚАРАСЫ ҚАЛЫҢ

12:56, 8 маусым 2021

Коронавирусқа қарсы сақтық шаралары себебінен мектеп оқушылары тақырыптарды тиісті деңгейде игера алмады. Олқылықтың орнын толтыру үшін білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен 19 маусымға дейін жазғы мектеп жұмыс істеуде. Бұл бағытта Түркістан қаласының білім беру ұйымдары тиянақты тірлік атқарып жатыр. «Жазғы мектеп» жобасының жап-жапсарын әріптесіміз Гүлсанат Қалмырзақызы көріп келді.

2020-2021-ші оқу жылында Түркістан  мектептерінде 46 мың оқушы білім алды.  Биыл 2046 шәкірт  11 сыныпты тәмамдаса, соның 124-і Алтын белгі, 49-ы үздік аттестат иегері. Министрлік бекіткен «жазғы мектепте» қазір 14 мың шәкірт оқып жатыр.

Ақмарал Батырбекова – Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы  

Мұндай қосымша білім беру ерікті түрде, ата-аналардың тиісті өтініші негізінде, және пән мұғалімдерінің ұсынысы бойынша  жүргізулуде. Қайта оқуды қажет ететін тақырыптарды ата-аналар мен ұстаздар бірлесіп анықтайды. Ал, оқушыларға мектеп формасын киіп келу міндетті емес. Дегенмен, санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

Ақерке Қылышбек – М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы  

Ал, М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясы шаһардағы мақтаулы оқу ұясының бірі. Білім сапасы бойынша бұл мектеп оқу жылын 68 пайызбен аяқтап отыр. 3977 оқушының 50 пайызы жазғы мектепте оқуға ниет білдірген. Әсіресе, 10 сыныпты аяқтаған оқушылар үшін бұл жоба жемісті болмақ. Өйткені, алда шешуші сынақ - ҰБТ бар.

Мереке Божкенов - М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының директоры 

Киелі шаһарда биыл 150 оқушы  жазғы лагерьлерде тегін демалады. Олар көпбалалы, әлеуеті әлжуаз топтардың және асыраушысынан айырылған отбасы  балалары. Ол үшін «Балауса», «Балдәурен» және «Тау самалы» лагерлері есігін айқара ашпақ. Жалпы бұл мақсатқа қала қоржынынан 12 млн. теге қарастырылып отыр.

 

Г. Қалмырзақызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...