ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

13:22, 14 қаңтар 2022

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Шаһар басшысы дағдарыстық жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен қауіп толық сейілгенше мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті нысандардың күзетілуіне аса назар аудару керектігін айтты.

Қаланың Бас прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы қаладағы жағдайды, орын алған құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы баяндады. Оның айтуынша, коменданттық сағатты бұзғаны үшін 204 азамат әкімшілік жауапқа тартылды, оның 75-і қамауға алынды. Блок бекеттерде 14 962 автокөлік тексеріліп, нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 9 азамат ұсталып, олардан 2 газ тапанша тәркіленген.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КОМЕНДАНТЫ/

Жалпы іс-шаралар нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 77 адам бойынша қылмыстық іс қозғалып, абақтыға қамалды. Күдіктілерден шолақ мылтық, травматикалық тапанша, патрондар мен ұрланған телефондар тәркіленген. Жаппай тәртіпсіздік кезінде 50 тәртіп сақшысы түрлі жарақат алған, оның ішінде екеуіне оқ тиіп, ауыр жағдайда. 77 полиция көлігі зардап шеккен.

Ал, өрт сөндірушілер арасында дене жарақатын алғандар жоқ. Күнделікті 50-ден аса техника мен 900 жеке құрам қызметкері үш ауысымда күшейтілген күн тәртібінде жұмыс істеуде.

Қала әкімі бұған дейін ауруханада жатқан тәртіп сақшысының жағдайын сұрап барған болатын, бүгінде ол дәрігерлер бақылауында. Сондай-ақ, Мұрат Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дер кезінде жасаған шұғыл шешімдері мен тапсырмалары арқасында қаланың жағдайы тұрақталғанын атап өтті. Қиын сәтте алдыңғы қатарда қызмет еткен барша жауынгерлерге, полицей, прокурорлар, Ұлттық Ұлан, әскерилер, ҰҚД, гвардия қызметкерлеріне, дәрігерлер мен сабырлық сақтаған қала тұрғындарына алғысын білдірді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

 

АВТ. ПЕРИЗАТ.                      

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...