ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ 100 КӨЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

18:29, 13 желтоқсан 2019

ДИКТОР: Шымкентте жедел жәрдем қызметі қосымша 100 жаңа санитарлық көлікпен толықты. «Hyundai» маркалы жедел жәрдем көліктерінің кілтін мамандарға қала басшысы Ерлан Айтаханов тапсырды.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі мен медициналық технологиялардың дамуына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бағыты өз септігін тигизеді. Осылай деген Ерлан Айтаханов су жаңа көліктердің заманауи мүмкіндігімен танысты. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Енді санитарлық автокөліктердің барлығы шаһардағы шұғыл медициналық шақыртуларға барып, мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

Бұған дейін Шымкент тұрғындарына бас-аяғы 75 жедел-жәрдем көлігі қызмет көрсетіп келген. Олардың тең жартысына жуығы ескіріп, тозығы жеткен еді. Жаңарған жедел-жәрдем көліктеріне әсіресе, денсаулық сақшылары дән разы.

Мақсұт Төлегенов – жедел-жәрдем қызметінің дәрігері

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Айтып өтейік, бір мезетте су жаңа жүз көліктің осылай сап түзеп, ел мүддесі ұлт саулығы үшін қолданысқа берілуі ел тарихында болмаған. Мамандардың айтуынша, бұл қазақ-түрік байланысының жемісті жеңісі.

Ербол Садыр – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Алдағы уақытта жедел-жәрдем қызметі үшін колл орталықтар жұмыс істейтін болады. Бұл ұлт саулығы үшін жасалған оң қадам болмақ. Санитарлық автокөліктер тәулігіне жедел медициналық көмекке жүгінетін мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Нәтижесінде денсаулық сақтау салысынының сапасы артады деген сенім бар.  

Г. Қалмырзазықызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...