ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

12:48, 22 қараша 2021

Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл. Осыншама уақыт өтсе де сол кездегі жұрт жадына салынған жара әлі жазыла қойған жоқ. Өйткені, желтоқсанның мұзында Тәуелсіздік тілеп бастарын тәуекелге тіккен талай тұрғын жан 35 жылдан бері өз бастарын арашалай алмай жүр. Оған себеп көп. Осы мәселелер «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында өткен кездесуде атйылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары мен желтоқсаншылар қатысты.

Желтоқсан оқиғасыны жайлы ақпарат көп. Бірақ ішінде ақиқаты аз. Себебі сол кездегі билік Елдің егемендігін аңсап алаңға шыққан талайға түрлі жалап жауып абақтыға жапты. Соның көбі сол жаладан әлі арыла алмай келеді. Оған себеп көп. Ордабасы ауданында өткен жиында сол мәселе айтылды. Қоғамдық бірлестік ұйымының төрағасы көп жағдайда тізе қосып әрекет етеу керектігін жеткізді.

Сажида Сүлейменова – «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ төрайымы   

Тәуелсіздік алғалы елімізде желтоқсаншыларды ақтап алу мәселесіне мемлекет мейлінше мән берілуде. Одан бөлек, қазір аталған оқиға қатысушылары көптеген жеңілдіктерге ие. Бірақ көп жағдайда тәуелсіздік қарлығаштары саналатын тұлғалар ол мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Оғанда сол енжарлық себеп.

Едіге Марат - «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ Ордабасы ауданы бойынша жетекшісі   

Айтып өту керек, қазір Түркістан облысының аумағында нақты қанша желтоқсан оқиғасының қатысушысы бар екені де белгісіз. Тек, Ордабасы ауданының өзінде осы күнге дейін 42 желтоқсаншының бар екені анықталған. Бүгінде қоғамдық бірлестік пен жергілікті билік ол азаматтардың арасындағы істі болғандарды арашалап алу жолында тізе біріктіріп әрекет етуде.

 

М. Айтжанов           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...