ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР ҚАЛА ӘКІМІМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСТІ

18:34, 1 маусым 2021

Халықаралық балаларды қорғау күнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардың мақтанышына айналған жеңімпаз оқушылармен кездесті. Халықаралық, ресубликалық олимпиадалар мен ғылыми, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздарымен өткен кездесу дендросаябақта ұйымдастырылды.Емін-еркін жүздесуде балалар шаһар басшысына көкейдегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Бұл балғындар қала мақтанышы. Халықаралық, республикалық олимпиада жүлдегерлері, ғылыми жобалардың жеңімпаздары.  Спортты серік еткен жас сайыпқырандар да осында. Қала әкімімен емін-еркін жүздескен жастар Мұрат Дүйсенбекұлына сауалдарын қойды.

Айта кетейік, бүгінде дарынды, білімпаз балаларға қолдау зор.  Қаладағы 131 оқушы Елбасы медалінің иегері атанды, түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардан республикада 69 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. Осындай жетістіктерге жеткен балғындардың әкіммен кездесуден алған әсерлері де мол.

Сағын Өмірбайұлы - №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушысы

Ариана Кенбаева - М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы

7271 «Мен бар білімімі мен тәрбиемді қаламыздың өсуіне өркендеуіне қосамын...»

Айта кетейік, оқу жылын жемісті аяқтаған өрендердің арасында спорт пен өнерде өз өрнектерін айқындап келе жатқан балалар да баршылық.   Халықаралық өнер, қылқалам шеберлері  сайыстарынан 110 өнерпаз бас жүлделерге ие болды. Республикалық Ұлттық мектеп  лигасында  спорттың 4 түрінен яғни, воллейбол, футбол, үстел теннисі, футзалдан  шымкенттік 9 команда чемпион атанды.

 

М.Рысбаева                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...