ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ

19:26, 20 қаңтар 2021

Жер кодексіне жарияланған мораторий аяқталуға жақын. Соған алаңдаған «Ақ жол» фракциясының мүшелері Асқар Маминге сауал жолдады. Депутаттардың талабынша жер заңнамасына жедел түрде тиісті түзетулер енгізу қажет. Себебі, үкімет жанындағы жер жөніндегі комиссияға шетелдік компаниялар мен азаматтарына жерді сатуға және Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер мен олардың азаматтарына жерді жалға беруге тыйым салу туралы ұсыныс жолданған. Бірақ, белгісіз себептермен комиссияның қорытынды хаттамасына енбей қалған.

БЕРІК ДҮЙСЕНБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» партиясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жер кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізіп, елді алаңдатқан жер дауының шешілуіне нүкте қойылу керек деп санайды. Ұсынысымыз қабылданбаған жағдайда, «Ақ жол» партиясы Жер кодексіне өз тарапынан өзгерістер енгізуге дайын екендігін білдіреді.

Естеріңізде болса, 5 жыл бұрын жер мәселесіне қатысты қоғам тарапынан наразылық туған. Соған қатысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша жер кодексінің кей нормаларына мораторий енгізілді. Президент сол шектеудің биыл аяқталатынын ескертіп, парламент депутаттары мен саяси партиялардың үн қосарына сенім білдірген болатын.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...