
Жетісай ауданында 10-шы қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрақты жұмыс режиіміне көшті. Жетісай ауданы мен Асықата кенті Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімі азаматтарға таңғы сағат тоғыздан кешкі 18.00 ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетуде. Тек келушілер эпид ахуалға байланысты арақашықтықты сақтаулары қажет.
Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары өткен аптада жұмыс істемеді. Соған байланысты құжаттарды алу бойынша жұмыстар кешеуілдеп, аздаған қиындық орын алды. Бірақ қазір Жетісайдағы жағдай қалыпты. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде техникалық іркілістер жоқ.
Тас Әлімбетов - Жетісай қаласының тұрғыны
Қолда бар мәліметке сүйенсек бүгінде аудандағы орталықтарға күніне 400-ге жуық азамат келіп қызмет алады. Олар үшін барлық жағдай қарастырылған дейді мамандар. Атап айтқанда өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған мініп-түсу сатысы барлығы өз деңгейінде жұмыс істеп тұр. Құжаттарды алу барысында да түсінбеушіліктер тіркелмеген.
Нұралы Асилов - Асық ата кенті ХҚО бөлімінің басшысы
Айта кететін жағдай ХҚО-ы сенбі мен жексенбі күндері жұмыс істемейді. Эпидахуалға байланысты азаматтардан әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және медициналық бетперде кию талап етіледі. Сондайқа, Ashyq қосымшасы арқылы «қауіпсіз» мәртебесі бар азаматтарға рұқсат етіледі.
Жетісай ауданынан