ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖЕТІСАЙДА 88 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

17:42, 8 маусым 2021

Жетісайда үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасыға баспана кілті табыс етілді. Аудан әкімі Мұрат Қадырбек салтанатты рәсімге қатысып, қуаныш иелеріне жылы лебізін білдірді. Баспаналар "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында былтыр сатып алынған болатын.

Зухра Сахиева ұзақ жылдан бері қуықтай баспананы жалдап күнелтуде. Көпбалалы ананың тапқан таянғаны күнделікті ас-ауқат пен пәтер бағасынан артылмайды. Үй кезегіне тұрғанымен, жақын арада баспаналы болам деген ой болмады дейді, ол. Тосыннан келген жағымды жаңалық төбесін көкке жеткізген.

Зухра Сахиева –көпбалалы ана

Шынымды айтсам күні кешеге дейін бізге пәтер сыйлайтынын білген жоқпын. Бұл жаңалық біздің отбасы үшін үлкен тосынсый болды. Бұған дейін біз аядай жерді жалдап сығылысып тұрып келдік. Енді міне, өз пәтерімізге де қол жеткіздік. Атсалысқан барша жандарға рақмет

Жетісайда үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Мұрат Болатұлы баспана иелеріне шаңырақтың берекелі болуын тілеп, ыстық ықыласын жеткізді.

Серік Мамбетов – Жетісай аудандық тұрғын үй кешені басшысының орынбасары

Тұрғынүйге қол жеткізгендер арасында көпбалалы аналар, тұрмысы төмен және жалғызбасты ата-аналар бар.  Жауаптылар аталмыш игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табады, дейді.

 

Д.Өмірзақова                                                                                          

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...