ШҰҒЫЛ! АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН Толығырақ

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

14:36, 10 қазан 2019

Түркістан күн өткен сайын түрленіп келеді. Рухани астанада заман талабына сай зәулім үйлер де бой көтеріп, инфрақұрылым тартылып жатыр. Дей тұрғанмен кемшін тұстары өте көп. Әсіресе жол мәселесі бітпейтін жырға айналды. Қаланың қақ ортасында жартылай жөнделмей қап кеткен көшелер өте көп. Алайда атқа мінерлер болса бәрі жақсы деуден танбай келеді.

 

Күлтөбеде күнде жиын. Жұрттың бар тілегі жолға асфалт төсету. Көне шахар салынған жылдары құрылған көше күні біүгінге дейін жөнделмеген.  

Шум: Жол бөлімінің басшысы: бүгін қарасаңыздар болады, Б. Саттарханов даңғылының екі шетіне де тас төселіп жатыр.

Тұрғындар: «Мектепке бара жатқан балалардың шалбары тізесіне дейін балшық болады».2. Машинасы барлар машинамен апарады. Машинасы жоқтар су кешіп өтуге мәжбүр боламыз».

 –Соңғы рет қашан жөнделді бұлкөше?                                                                  

- Бұл көше жөнделген жоқ.       

 – Өмірі жөнделмеген бе?

- Жөнделмеген.

 Ой шұқыры көп мұндай жолды қаланың кез-келген жерінен кездестіруге болады. Соның бірі шаһардың қақ ортасындағы Жамбыл көшесі. Бір қызығы екі басына асфалт төселіп, ортаң бөлігі қалып кеткен.  Көшедегі  №1-ші және  23 үйдің аралығы таздың төбеліндей болып жатыр. Жұрт  мәселені айтып бармаған жеріміз қалмады, деп налып отыр.

Закира Өтегенова - көше тұрғыныМүгедектер бар бұлкөшеде, зейнеткерлер тұрыпжатырмыз. Бірақ біздің жан айқайымызды ешкім естімейді, сезбейді. Біраз жерге барып, айтылды. Бірақ әлі ешқандай нәтиже жоқ».

Бұл мәселеге қатысты биліктің де өз уәжі бар. Айтуларынша көшеде халық саны аз көрінеді. Сондықтан жөнделмеген.

Байдулла Оразбеков –Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы - Иа, иа, ол тар көше. Ол бір қуыс көше. Ол  жерде сонда тұратын 20-30 үйдің тұрғындарынан басқа ешкім жүрмейді.  «Енді ол көшелердің де кезегі келер, алдағы уақытта ол көшені де асфальтқа қосамыз».

Мақсұт Жарылқасын – тілші

Ал мынау Ортақ ауылындағы Темірлан көшесі. Мұндағы тұрғындардың әрбір күні уайымға толы. Өйткені, жаңбыр жауса бұл көше батпаққа айналып, күн ысыса шаңғыйды. Бір қызығы бұл көшенің оң және сол жағындағы барлық көшелерге тас төселіп қойған. Өздерінің осындай мәселесін айтып мұндағы халық талай табалдырық тоздырған. Бірақ шыққан нәтиже шамалы. Тіпті сбір жолы жауаптылар ол көше жөнделген деп кері қайтарған.

Аягөз Айтымбетова – Темірлан көшесінің тұрғын

Біз бұл көшенің жайын айтып талай жерге бардық . Қыста барғанымызда сіздердің көшелеріңіз бес жыл бұрын тас төселіп қойған деп жауап берді. Сіздердің көшелеріңіз қалай қалып кеткенін білмейміз дейді.

КСМ: Тұрғындардың талап тілегін арқалаған біздің түсіру тобымызға да биліктегілер   сол баз баяғы «Білмейміз»-дегенне ары аса алмады.

Спикер: Байдулла Оразбеков –Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ортақ, Қызылорда тас жолының бойында газ жүргізіліп жатыр. Оның артынша 1-2 жылдың көлемінде сарқынды су жүргізіледі. Сол біткенен кейін жүргізіп береміз.

КСМ: Жаз бойы шаң жұтып, белуардан батпақ кешіп шаршаған тұрғындар тым болмаса тас төсеп берсе кен деп отыр. Қалай десек те жол мәселесі толық шешілгенше жұрт резеңке етігін киіп амалдай тұруға тура келеді.

 

М. Жарылқасын                                                                  


 

Тақырып бойынша материалдар

СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...