ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

18:16, 1 маусым 2021

Жол сапасы басты назарда! Бүгінде Қазығұрт ауданында 52 шақырым жол жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін 30 шақырымнан астам көлік жолдарының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Осыған байланысты облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Шарапхана-Жаңабазар автожолының күрделі жөндеу құрылысымен танысты.

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев жолдардың сапасын тексеру мақсатында арнайы Қазығұрт ауданына іс-сапармен барды. Аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 70%-дан асады.  Сонымен қатар, облыс әкімі аймақта салынып жатқан жаңа нысандарды да  аралады. Жаңабазар ауыл округі, Үшбастау елді мекеніндегі 200 орындық «К.Әзербаев» атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болды. Білім ұясы биылғы оқу жылына қарсы ашылмақ. Бүгінде Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан 50-ге жуық орта мектептің төртеуі Қазығұрт ауданында бой көтерген. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз үйінің жанынан мал бордақылау алаңын ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкердің жұмысымен танысты. Небәрі 10 мал басымен тірлік бастаған Жаңабазар ауылының тұрғыны қысқа уақыт ішінде мал басын 200-ден асырған. Қазығұрт ауданындағы жалпы аналық мал басының саны 54 мыңға жеткізілген. Тұқымдық түрлендіру үлесі биыл 170 %-ды құрайды.                                          

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...