ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

12:58, 10 маусым 2021

Шымкентте биыл 295 шақырым жолға асфальт төселіп 153 шақырым топырақ жол реттеледі. Ол үшін қажетті мердігер мекемелер анықталған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек бүгінде шаһарда 168 нысанда жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұйыртса биыл соның 155 бітіп пайдалануға беріледі.

Статистикаға сүйенсек қазір қаладағы жолдардың 60 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биылғы меже сол көрсеткішті 3,5 пайызға арттыру. Ол үшін қазынадан 32 млрд теңге қаржы қаралған.  Қазір көп нысанда мердігерді анықтау, мемлекеттік сатып алу сынды жұмыстар аяқталған. Ал, атқарылған әрбір іс бас қарма тарапынан бақылауда.

Нұрбол Ілесов – Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

Сапасы бойынша бізде қалалық жол активтері Ұлттық сапа орталығы бар. Сол мекеме арқылы жұмыс жасалады. Бұл жерде асфальттың құрамы технологиясы бойынша 2 жақтама бізде қадағалау жүргізіліп отырады.

Мамандар мәліметінше биыл негізінен қала ішіндегі күре жолдармен бірге мөлтек аудандардағы жолдардың жайын жақсартуға көп көңіл бөлініпті. Мәселен, тек Абай ауданының өзінде осылы 46 көше асфальтталып, 51 шақырым топырақ жолға тас төселеді. Олардың көбі қала шетіндегі шағын аудандардағы ішкі жолдар.

Нұрлан Тілеш- Абай ауданы әкімінің орынбасары

Абай ауданы ауданы аумағында негізінен 1100 көше бар. Оның 53 пайызы асфальтталған көше. Оның 40 пайызы тас жол. Ал, 7 пайызға жуығы топрақ жол деп есептейміз. Енді халық өсіп жатыр, ел өсіп жатыр жаңадан қосылып жатқандар бар. Қосылғанан кейін жол төселуі керек.

Жолдар жаңаруда. Ол үшін қазынадан қыруар қаржы бөлініп жатыр. Бірақ, бізде соны күтіп ұстау мәселесі дұрыс жолға қойылмаған. Себебі, көп жағдайда қалада биыл салынған жолдар жыл өтпей жатып жарамсыз күйге түсіп жатады. Өйтркені, асфальт төселгеннен қосымша инфроқұрылым жүргізетіндер көп. Енді шаһарда сондай азаматтармен күрес жұмыстары күшейтілмек.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...