ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН ТАБИҒИ ГАЗ УАҚЫТША СӨНДІРІЛЕДІ

18:55, 8 маусым 2021

10-11 маусым аралығында Шымкенттегі бірқатар шағынауданда табиғи газ уақытша сөндіріледі. Бұл туралы брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді. Өздеріңізге мәлім, бүгінде қаладағы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобаға сәйкес қысымы жоғары газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары қарастырылған болатын. Соған орай орны ауыстырылған газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу қажеттілігі туындап отыр, деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жұмыстар жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 10 маусым күні сағат 9:00-ден 11 маусым сағат 15:00-ге дейін атқарылады. Аталған газ құбырынан Шымкент қаласының Төменгі Отырар шағынауданында 600 пәтер, Рысқұлов – Қонаев – Дулати – Байтұрсынов – Жандосов көшелері орамында және Рысқұлов көшесінің солтүстік беткейінде орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісі толығымен  уақытша сөнеді.Жоғарыда аталған көшелерде, шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және маңыздылығы жоғары мекемелерді қосу жұмыстары кезінде газдың уақытша  сөнетіні туралы қала тұрғындарын ақпараттандыруды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз.Сонымен қатар, газ желісін қайта қосқанда үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларын сұраймыз.

Ержан Жолдасов,  Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Қосу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, газ желісін қайта қосқанда, үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсету мамандарының және тұтынушылардың газ жабдықтарына тексеру жұмыстарын жүргізуін және мұқият болуларыңызды сұраймыз.» 

 

М. Рысбаева  

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...