ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

13:22, 4 мамыр 2021

Жетісай ауданы аумағындағы Республикалық маңызы бар және ішкі жолдарға сараптамалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында іске асты. Зерделеу жұмыстары барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, хаттамалар толтырылды.

Тексеріс нәтижесінде  Жетісай ауданындағы Республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ – Жетісай – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібекжолы» автомобиль жолының 90 шақырымындағы ескі асфальт пен жаңа асфальт қиылысы бетінің тегіс емес екендігі анықталды. Сондайақ, 92 шақырымдағы асфальт бетон жамылғысы жиегінің үгітілгендігі белгілі болды. Ал, Нұр ауылындағы жалпы ұзындығы 0,62 шақырымды құрайтын Жамбыл көшесіне төселген асфальт бетон жабындысының кейбір тұстары тегіс емес болып шықты.

Ердәулет Әдиат - «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері

Анықталған осындай кемшіліктер хаттамаға енгізіліп, оларды жою мердігер мекеме басшыларына жүктелді. Ал, жұмыстың сапалы орындалуын бақылау аудандық жолаушылар көлігіжәне автомобиль жолдары бөлімінің басшысына тапсырылды.

Мирас Қарғабай - Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары

Айтып өтейік, өткен жылы «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында жолдарға жүргізілген сараптамалық тексерулер барысында анықталған 114 кемшіліктің 97-сі қалпына келтірілген.

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...