ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК»

15:07, 9 қазан 2019

Кентаулық бір топ азамат «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері атанды. Іскер жандар әлеуметтік әлеуеті төмен отбасыларға демеушілік қолдау көрсеткен. Бірі Арыстағы жағдайға байланысты қаржылай қолдау көрсетсе енді бірі жетімдерге материалдық көмек берген. Қайрымды жандар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласына осылайша өз үлестерін қосты.

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары Кентау қаласы әкімінің алғыс хаттарына ие болып, арнайы бағалы сыйлықтар тапсырылды. Оларға «Туған өлке», «Жыл меценаты», «Ерен еріктілік» сынды бірқатар аталымдар бойынша құрмет көрсетілді. Ізгілікті істен  қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген азаматтарға  атқарушы биліктің айтар алғысы шексіз. Айта кетейік, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салт дәстүрімізді дәріптейтін, сонымен бірге туған елге деген патриоттық сезімді қалыптастыру бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Аймақтың белді бизнесмендері мен бірқатар қоғам қайраткерлері қаланы көркейту мен инфрақұрылымын жақсарту жобаларын ұсынса, жастар жағы да ұйымдастырушылық қабілетін іске асырды.

Бекжігіт Маннапов – жеке кәсіпкер

.Мен жағдайы төмен отбасыларға ылғи көмек қолын созып тұрамын. Әлеуметі төмен көп балалы аналарға мемлекет тарапынан қодау көп. Арыс қаласын қайта түлетуге атсалыстық.

Игі ісімен көпке үлгі меценаттарды құттықтау рәсімі концерттік бағдарламамен түйінделді. 

Ә. Дәулетбекқызы               

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар