ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

17:25, 19 қараша 2021

Алған қолдан, берген қол - қайырлы. Жақсы іске жанашыр, ізгі ниет, ақ тілеулі жан Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Мадина Ермағанбетова бүгін қайырымдылық шарасын өткізді. Жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы кәсіпкер мұқтаждарға қол созып, азық-түлік себеті мен балаларға киім-кешек және түрлі ойыншықтар үлестірді. Қайырлы іс 100 отбасыны қамтыды.

Тірлікте жомарттық жасап,  қайыр еткеннің сауабы мол. Сыйы – Алладан. Қолы ашыққа әманда жол ашық. Садақа пәниде басқа келер кесір мен кесапаттың бетін қайтарады. Алдын алады. Бүгінгі шараға осыны ой-санаға берік сіңірген жомарт жандар жиналды.

Төлеген Телғараев – Төлеби ауданының әкімі

Акцияның әлқиссасы аудан әкімінің сөзімен ашылды. Бұдан соң сөз алғандар қайыр еткенге Алланың ерекше сыйы, жүз мейірімі бар екенін тілге тиек етті. Аудандық мәслихат мәслихаттың хатшысы Нұрлан Хамзха өз сөзінде елді қайырлы іс жасауға шақырды.

Нұрлан Қойбағаров –Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы

Аудандық мәслихаттың депутаты Мадина Сейфуллақызының ұлт саулығы жолындағы өнегелі ісін жұрт жақсы біледі. Нардың жүгін арқалаған нәзік жанның бұл қайырылымдылық бағытындағы - алғашқы шарасы емес. Алты жылдан бері мұқтаж мұңын сейілтіп жүр.

Мадина Ермаханбетова – Төлеби аудандық мәслихатының депутаты

Зал іші балғын балалардың сыңғыр күлкісі, шат-шадыман көңіл, әуезді әнге бөленді. Ауылына қарап, азаматын таны.... Бүгінгі шара Төлеби тұрғындарының ауызбіршілік, ырыс-ынтымағынан хабар берді. Әрі Мадина Сейфуллақызының әбүйірлі ісі - көпке үлгі. Өнеге. Көкірегі ояу азаматқа ой салар әділ шешім болды. 

Депутаттық корпустағы халық қалаулыларының қайырымдылық үйренші әдетіне айналыпты. Бүгінге дейін мыңдаған мұқтажға көмек көрсетілді. Ал, бүгінгі акцияныңы шарапатын сезінгендер негізінен әлеуеті әлжуаз және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

 «Көп түкірсе, көл»... Шара аясында аудандық өнер ұжымы әннен шашу шашты. Көптің көңілін көтерді.  

Мұңдыға рухани демеу, мұқтажға көмек көрсету – қазақтың қанына сіңген қасиет. Күні кеше ғана таулы өлке тұрғындары көпбалалы, жалғызбасты анаға асарлатып жүріп, құны 12 млн. теңгелік үй салып берді. Жомарт жүректі халықтың арқасында еліміз алты Алашқа танымал, тұғыры биік мемлекет атанды.

 

Г. Қалмырзақызы               

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...