ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ЖУРНАЛИСТ ӨМІРДЕН ӨТТІ

18:00, 17 маусым 2021

Қазақ журналистикасы тағыда қара жамылды. Бүгін 69 жасына қараған шағында белгілі жазушы-журналист, көрнекті қаламгер Жеңіс Баһадүр дүниеден өтті. Бұл қазақ әдебиеті үшін, әсіресе Шымкент халқы үшін орны толмас қайғы.

Жеңіс Баһадүр 1953 жылы, 8 наурызда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдап,«Қазақфильм» киностудиясында еңбек жолын бастады. Ұзақ жылдар мерзімді басылым мен телеарнада қызмет етті. Дара тұлғаның туындылары көрерменнің көзайымына айналды. Суық қабар  журналистің әріптестерін есеңгіретіп тастады.

Байдулла Қонысбек - Қазақстанның Құрметті журналисі

Марқұмның қаламыда ұшқыр еді.  Қоғамның таным көкжиегін кеңейтуге атсалысты. «Қос қайың», «Қайта оралған аққулар», «Үш қиян» және «Мөлдір тамшылар» атты кітаптары оқырман қауымның зор бағасына ие болды.  Ал табиғат тақырыбында алдына жан салмайтын жүйрік еді.

Абай Балажан- «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы 

Экология тақырыбына келген кезде ағаның қаламы жүйрік тұғын.

Жеңіс Баһадүр парасатты, ұлтжанды, ақжарқын жан еді. Бүкіл саналы ғұмырын руханият жолына арнады. Жерлесіміздің жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі ертең таңғы сағат 10:00 Шымкент қаласындағы өз шаңырағында өтеді.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...