ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 18 ДЕРЕК АНЫҚТАЛДЫ

17:11, 21 қазан 2021

Шымкентте заңсыз ойын бизнесі тыйылмай тұр. Жыл басынан бері қалада көлеңкелі кәсіпке қатысты 18 дерек анықталған. Тіркелген істердің дені қазір сот қарауында. Бүгін осы тектес қылмыстардың алдын алу үшін қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдері мен Әл Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері бірлесіп, шаһардағы ойын клубтарын аралады.

 «Стоп ойын» рейдін ұйымдастырушылар Жангелдин көшесі бойындағы ойын клубтарын аралады. Қазір қалада бір ғана «Лотоматик» ЖШС не тиесілі 500-ге жуық лоторея терминалы жұмыс істеп тұр.  Салаға жауаптылар нысандардың  тиісті құжаттары мен терминалдарын тексерді. Іске қосылмай тұрған мынадай құрылғылар да тексерушілердің күдігін туғызды.

Ал кей орталықтарда басқасын айтпағанда санитарлық талаптар да сақталмайтын болып шықты. «Ашық» қолданбасы тұрғанмен келушілер тіркеле қоймайды екен. Әкімдік өкілдері клуб қожайындарына ескерту жасады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте заңсыз ойын бизнесіне қатысты тіркелген 18 деректің 16 қазір сотта қаралуда. Тексерулер кезінде заңсыз айналымнан  21 ойын терминалы, 122 жүйелі блоктар, 116 монитор, 11 моноблок, 8 теледидар тағы да басқа ойын құрылғылары тәркілгенген. Ал заңсыхз кассалардан 300 мың теңгеге жуық қаражат алынды дейді департамент өкілдері.

ЖҰПАР МАМЫТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ

Қалада ойын автоматтарын кәсіп етіп,  оңай жолмен олжалы болғысы келетіндер де  ойынға салынғандар құзырлылыларға құрық байлатпай тұр. Олардың дені көбінесе осындай рейд кездерде қолға түседі.

 

М.Рысбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...