
Ақжолтай жаңалық! Алматыда 28-ші қысқы Универсиада ойындарының алғашқы жарыс күні жерлестерімізге жеңіс әкелді. Мұқым ел үміт артқан Жанбота Алдабергенова қолаға қол жеткізсе, Жібектің бағы жанды. Фристайлшы Арапбаева қоржынымызға күміс салды.
Жібектің сенімді ақпарат көздеріне берген сұхбатында: «Оңтүстіктен келіп отырған 3 қыз мінбедегі 3 орынды бөлісеміз» деп едік, алайда ол ойымыз жүзеге аспады», - дейді. Алайда, бес құрлықтың беделді ойынында 2000 жүйріктің ішінен суырылып алға шығу оңай емес. Күміс, қола алтынға жеткізер жол.
Айта кетейік, Студенттердің бүкіләлемдік додасында ел намысын фристайлдан Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаевадан бөлек, Ақмаржан Қалмұрзаева да қорғаған. Суперфиналға төрт спортшы өтті. Бірақ, қытайлық Жу Ингинді басып озу біздің қыздарға, өкінішке қарай, қиынға соқты. Бағлан да бабында болғанмен, бағы жанбады. Дархан Мұхаметжанов финалда ұтылып, ұлттық құрам ұпайын түгендей алмай қалды. Ер кезегі үшке дейін деп жұбатты жанкүйер.
Нұрсұлтан Әбдірашит