ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Оқу орны универсиада жеңімпаздарына құрмет көрсетті

20:16, 3 ақпан 2017

Жеңімпаздарға құрмет зор! Бүгін универсиада жүлдегерлерін Шымкенттегі Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті ұжымы әспеттеп, күтті. Оқу орнының қуанышы еселі. Өйткені, байрақты бәсекеде бағы жанған, алтын асық ұл – Бағлан Іңкәрбек осы шаңырақта білім алады.

 «Универсиада – 2017» жарысы жеңімпаздарының Шымкентке келгеніне бүгін - екінші күн. Даңқты саңлақтарды  дархан халқы әуежайдан аяғын жерге  тигізбей қарсы алып, содан бері жан-жақты кездесулер өткізуде. Бүгін чемпиондар өздері оқитын оқу ордасына ат басын бұрды.

Бағлан Іңкәрбек универсиадада ғана оза шапқан жоқ. Оқуда да озат. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт// ректор грантын жеңіп алған. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде, 3-курста оқиды. Қазақта «баласы атқа шапса, анасы үйде отырып, тақымын қысады» деген сөз бар. Сол сияқты университет ұжымы да «жай отырмадық, іштей, тілеулес болып, жеңуін сұрадық» дейді. Оқу орны озатымен мақтанады. Бәйгеге перзентін қосарда бар бабын жасаған. Қаржылай қолдау көрсеткен.

Негізі, бүгінде әлеуметтік-инновациялық университеті ғылым мен білімнің  орталығы болып саналады. Ал, бүгінгі жетістіктер біздің үлкен спорттық әлеуеті бар жоғары оқу орнына айналғанымыздың дәлелі бола алады», -дейді университет ректоры Сандыбай Боранбаев. Салтанатты шара барысында Бағланға университет ұжымы бір миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Ұлағатты ұл тәрбиелеген атасы да алғыс арқалап қайтты. Қызын төрге отырғыздыратын ұлт жұрнақтары Жанбота мен Жібекті де құр алақан қалдырған жоқ. Жеңіс жолына жетістіктер тіледі.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                                 

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
18:06, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
12:21, 7 ақпан 2017
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...