ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Шымкентте универсиада алауы жанды

18:07, 28 қаңтар 2017

Бес құрлықтың белсенді жастары үшін беделді бәйге басталуға жақын. Бүгін Шымкентте 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының алау эстафетасы ұйымдастырылды. Салтанатты рәсім Әл Фараби алаңында басталып, алау Наурыз алаңында алматылықтарға табыс етілді.

Азаттығымыздың аламан тойы – 25 жылдық мерейтойда ұлтымыздың ұраны боп қабылданған бұл сөз  бүгінгі шара қатысушыларына да айрықша екпін берді.  Алау эстафетасын облыс әкімі бастап берді. 

Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі 

Алау эстафетасының Оңтүстік Қазақстан облысында, Шымкент қаласында басталуы да барлығымыз үшін абырой. Осы үлкен мерекемен  барлығызды құттықтаймын.

Бұл сапта – кілең үздіктер. Әлияны әлем біледі. 5 мәрте Азия чемпионы атанған. Көркем гимнастикадан бірнеше рет олимпиада ойындарына қатысқан. Жанында – шәкірті Сабина. Рио төрінде шеберлік танытты.

Әлия Юсупова – Көркем гимнастикадан  Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

Мен үшін үлкен мақтаныш, универсиада алауын алып жүру. Универсиада алауын алып жүгіру. Мен  спортшылардан ен бірінші жүгірген спортшы болдым. Және универсиада біздің Қазақстанымызда алғаш рет өткізіліп жатыр. Барлық спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Төртжылдықтың төре ойынында  бабы келіскенмен, бағы жанатындар аз.  Күллі қазақтың күміс қызы Жазира, бекзат спорт - бокстағы мақтанышы – Мұхтархан (Ділдәбеков), Біржан (Жақыпов) , Еркебұландар (Шыналиев) үшін «Универсиада алауы эстафетасы» - қауышу алаңындай.

Мырзағали Айтжанов – Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

28-ші қысқы универсиаданың біздің елде өтуі бұл - үлкен қуаныш. Елімізге мәртөбе деуге болады. Неге десеңіз, бұл әрбір елге беріле бермейді. Бұл біздің елдің дамығанын білдіреді барлық тұрғыда. Елімізде осындай үлкен жарыс болып жатқаннан кейін осы қысқы спорт түрлеріне, қазақстандықтарға жанкүйер боламыз. Тақымымызды қысып отырамыз. Бірінші кезекте, сәттілік тілейміз.

Мұхтархан Ділдәбеков – Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, Шымкент қалалық бокс мектебінің директоры

Қысқы ойын бізде жоқ деп айтуға болмайды, дамып келе жатыр. Өйткені 2011 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Содан кейін бізде фристайл спорт түрінде біздің Арапбаева және тағы да басқа қыздарымыз қатысайын деп жатыр. Қазір біздегі таулы аймақтарда арнайы кешендер салынуда. Демек, қысқы спорт түрі дамып, облыс ұл қыздарының олимпиадада топ жаратын күндері алыс емес.

Ел үмітін ақтаған сайыпқырандар мен спорт ардагерлері   12 шақырым бойы кезектесіп, алауды алып өтті.  Бұл мәртебеге бүгін облыстың оқу озаттары да қол жеткізді.

Абылай Әбдіәшім – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенттік ректоры

Елу елді елең еткізген бұл қысқы 28-ші универсиада ол Қазақстан үшін Қазақстан жастары үшін үлкен мүмкіндік. Яғни қысқы спорт түрлері дамуына яғни әлемдік аренада ерекше орын алып, үлкен мімбелерден көріну үшін бұл іс шара бізге керек. Бұл іс-шараны абыроймен алып шығуға Оңтүстік Қазақстан облысының жастары әр қашан дайын.

Универсиада спорт тарихында біраз елге  жазғы және қысқы олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін әкелген.  Бұл топ  беделді бестігін  бәйгеге қосты. Үміт алауынан жеңіс үкімін тосты.

 

Нұрсұлтан Әбдірашит                                                  

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
18:06, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
12:21, 7 ақпан 2017
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...