
Гимнастшы, қазақстандық танымал жаттықтырушы Әлия Юсупова және оның шәкірті Сәбина Әшірбаева - қысқы Универсиаданың эстафета алауын алып жүрушелер қатарында
Алматыда өтетін үлкен дода - ел үшін абыройлы сын. Қысқы спорт түрлерін дамытуға бағытталған байрақты бәсекеден ел спортшыларының үміті зор. Туған жер. Қаны, жаны бір жанкүйерлер. Жеңіске жол бастайды деп сенеді.
Универсиада эстафетасы алауын алып жүретін Әлия дүбірлі дода кезінде жаттығу жиындарында болады. Сондықтан екі дүркін олимпиада қатысушысына жақында жанкүйер болып, көрермен атану қиындау. Алайда, өзі туып өскен Шымкентте алау отын ала жүріп, 19 жастағы шәкірті, көркем гимнастшы, Рио олимпиадасына қатысушы Сәбина Әшірбаевамен бірге үміткерлерге тілеулестігін білдіреді.
Сабинаның да жұмыс кестесі қарбаласқа толы. Ақпан айында Мәскеуде өтетін әлем кубогі мен Қытайдағы жазғы универсиадаға дайындалып жүр.
Сабина // Қазақстандық жеңіс, ұлттық намыс жолындағы қобалжуды жеңу үшін жаппай жанкүйер болуға отандастарын үндейді. Универсиада да мықтылардың сайысы. Мұнда 12 спорт түрінен 85 медаль сынға түседі. 2200-ден астам спортшыны қолдап, 30 мыңға жуық турист келеді. Жанам деген ұл-қыздарымызға өз жерімізде, өз елімізде от беруден жалықпайық!