ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«Универсиада алауының» эстафетасы - Шымкентте!

20:05, 26 қаңтар 2017

Қазақстан мерейін асыратын студенттердің 28-ші бүкіләлемдік қысқы ойындарының басталуына да санаулы күндер қалды. Қаңтардың 28-іне Шымкентте алау эстафетасын алып жүру салтанаты өтеді. Универсиада алауын алып жүру құрметіне облысымыздың 60 азаматы лайық деп танылды.

Қазақстан өз тарихында ірі спорттық шаралардың алауын 2-ші рет қабылдады. Алғашқы салтанат 2008 жылы Пекин олимпиадасы кезінде болса, екіншісі 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары кезінде болды.

Ұласбек Сәдібеков - Облыс әкімінің орынбасары

Универсиада аясында қазақстан спорттың 13 түрінен қатысатын болды. Аталған жарысқа 50 елден 5 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

 

Біздің өңірде қысқы спорт түрлері кенже дамыған. Дегенмен, дүбірлі додаға жолдама алған спортшыларымыз бар.

Әлібек Нұртаев - Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Аталған жарысқа біздің облыстан 5 спортшы қатысады деп күтілуде. Олар: Алдабергенова Жанбота,Арапбаева Жібек, Қалмұрзаева Ақмаржан. Іңкәрбек Бағлан, Мұхамеджанов Дархан. Нәтижелі өнер көрсету үшін  тиісті оқу жаттығу жиындары мен жұмыстары жүріп жатыр.

 

Алау эстафетасын алып жүру құрметіне 60 азамат лайық деп танылды. Олардың 15-і олимпиадаға қатысқан спортшылар мен елге танымал азаматтар  болса, қалған  45-і  облысымыздағы 12 іргелі оқу орнының студенттері, үздік оқитын жастар мен магистранттар. Алау эстафетасы қаңтардың 28-і күні сағат 10-00-де Әл-Фараби алаңында бастау алып, сағат 17-00-де Наурыз алаңында қорытындыланады. Осы күні Алау эстафетасын алып жүретін көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Ал, салтанатты шараның соңы эстрада жұлдыздарының концертіне ұласады. 

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
18:06, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
12:21, 7 ақпан 2017
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
14:59, 26 ақпан 2021
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕН ҚҰЛАН ТАЗА АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ :  ҚАЗАҚ   ХАЛҚЫНА  МЫҢ  АЛҒЫС !
15:06, 26 ақпан 2021
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС !
Толығырақ...