ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Универсиада жеңімпаздары Шымкентке оралды

17:53, 2 ақпан 2017

Орта толсын!. Еліміздің ширекғасырлық тарихында ұлттық жоба, ірі мультиспорттық дода саналған «Универсиада-2017» жарысының жеңімпаздары Шымкентке оралды. Даңқты саңлақтарды дархан халқы әуежайдан аяғын жерге тигізбей қарсы алды. Ал, облыс басшылығы айрықша құрмет көрсетіп, елдік додада намысты қолдан бермегендері үшін алғыс айтты. Бір алтын, бір күміс, бір қола – қоржынымызда.

Бағлан, Жанбота жарады! Алтынның иесі – осылар. Күллі қазақ тағы бір күміс қызымен мақтана алады. Жібек  жеңіске жол салды. Түстік жұрты чемпиондарды ыстық ықыласымен қарсы алды.

Алматы қаласында бастау алған жарыстың алғашқы күнінде біздің қос қарлығаш жалпы команданы төрттіктің төріне шығарды. Екінші күні де екпін кеміткен жоқ. Қысы қытымыр ресейліктерді алға жіберіп алса да, қарға әуес ынта-ықыласымен Қазақстандық команданың есебін түгендеп үлгерді.

Мақтаулы ұл-қызды облыс әкімі қабылдады. Байрақты бәсекеде ұлы дала ұландарына лайық өнер көрсеткендері үшін риясыз ризашылығын білдірді. Алғыс хатпен марапаттап, І орын алған жеңімпаздарға 3 миллион теңге, ІІ және ІІІ орын алған спортшыларымызға екі миллион теңге, ал жаттықтырушы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Алып анадан туады. Спорт саңлақтарына көрсетілген құрмет олардың ата-анасына да жасалды.

Спорт – ел мәртебесін ұлықтайтын сала. Сақалар мен саңлақтар арқасында алдыңғы сапта болайық!

Нұрсұлтан Әбдірашит    

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
18:06, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
12:21, 7 ақпан 2017
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...