ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Универсиаданың 4-ші күні: Қазақстан қоржынында - 15 медаль!

13:30, 3 ақпан 2017

Универсиаданың төртінші күні көңіл қуантты. Қазақстан қоржыны 4 алтын, 2 қола жүлдемен толықты. Нәтижесінде 15 медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілдік.

Төртінші күнгі алғашқы алтынды Галина Вишневская әкелді. Ол  биатлоннан 7,5 шақырымдық спринтерлік жарыста қарсыластарын қапы қалдырды.  Мәреге  екінші болып, Украина спортшысы Яна Бондарь жетті.  Үздік үштікті ресейлік Анастасия Егорова  түйіндеді.  Алтынның ізі алтынмен жалғанды деген осы. «Шымбұлақта» шын жүйрік екенін қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева мойындатты. Ұлттық құрамаға төртінші алтынды тарту еткен отандасымыз  өте күрделі секірісімен  73,20 ұпай жинады.  Кейінгі орындарды ресейлік Анастасия Первушина мен Катарина Рамзауэр бөлісті.  Фристайлдың могулынан ерлер сапында өнер көрсеткен Дмитрий Рейхард та жеңіс тұғырынан көрінді. Ел қоржынындағы бесінші алтын Рейхардта. Ортаға ресейлік спортшы Сергей Шимбуевті салып, үшінші болып мәреге отандасымыз Павел Колмаков жетті. Бұл - бесінші қола жүлде. Артынша ерлер арасындағы шаңғы жарысы бойынша 10 шақырымдық спринтте Роман Еремин де қарсыластарына есе жібермей, қола жүлде еншіледі. Шаңғышылар арасындағы классикалық стильдегі жекелей жарыста Қазақстан намысын үш спортшы қорғады. Олар – Олжас Климин, Иван Люфт және Александр Малышев. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде отандасымыз Иван Люфтке бұйырды. Күміс ресейлік Фроловтың - еншісінде. Қола жүлдені де ресейлік Егор Березин ұтты. Осылайша, Қазақстан құрамы Универсиаданың алтыншы алтынын алды.  Ел қоржынында қазір 6 алтын, 2 күміс, 7 қола бар. Осыған дейін еліміздің спортшылары ең жоғарғы көрсеткішті 2015 жылы Гранада қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарында көрсеткен еді. Испания жерінде қазақ спортшылары бес алтын және алты күміс медаль алған болатын. Бұл жарыста да әзірге бәсіміз жоғары. Екінші орындамыз. Бірінші орында 14 алтын, 13 күміс, 6 қоламен Ресей құрамасы тұр. Ал, үздік үштікті Франция түйіндеді. Оларда 3 алтын, 1 күміс, 1 қола бар. Алға, Қазақстан!

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Тақырып бойынша материалдар

Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді
18:06, 7 ақпан 2017
Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» және «Kazsport»...
Толығырақ...
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
12:21, 7 ақпан 2017
Универсиаданың соңғы күндері - спортшыларымызды қолдайық!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...